Жапонияда жүргізушісіз жолаушылар пойызы жүре бастады

None
None
ТОКИО.KYODO NEWS- ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралының Фукуока қаласында жүргізушісіз басқарылатын электр пойызы алғаш рет тұрақты рейстерін бастады. Ол кәдімгі күре жолмен жүріп, өткелдерде бағдаршам алдында тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бастапқы кезеңде электр пойызында машинист болады. Содан кейін оны біртіндеп толық автоматтық режимге ауыстыру көзделген. Электр пойызының ұзақтығы шамамен 13 шақырым, күніне 12 рейс жасайды.

Кyodo агенттігінің атап өтуінше, жүргізушісіз басқарылатын электр пойыздарын енгізу біріншіден машинисттердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Уақыт өте келе осындай электр пойыздарын бүкіл Жапонияда пайдалану көзделген.


Соңғы жаңалықтар