USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

2021 жылғы 2 желтоқсан 07:57
Бөлісіңіз:
Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

ТОКИО. ҚазАқпарат – Находкадан Жапонияның Кинуура портына (Айти орталық префектурасы) бет алған Панама туын ілген құрғақ жүк таситын кеме Жапон теңізінде апатқа ұшырап, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Конгодағы  кеме апаты: 180 адам із-түссіз жоғалды Ганада жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты Сауд Арабиясында рекордтық төмен температура тіркелді

Кеме бортында 18 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы – Вьетнам азаматтары. Көмір тиелген жүк кемесі сәрсенбі күні кешке Жапонияның Симанэ префектурасынан 380 км жерде апат дабылын берген.

Бейсенбі күні таңертең ол жерге Оңтүстік Кореяның жағалау күзетінің күзетшісі барған. Ол жүк кемесі экипажының 17 мүшесін тапқан, олардың барлығы құтқарылды. Жүк кемесінің өзі батып кетті.

Бір адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Оны іздеумен жапон жағалау күзеті айналысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT