Жапонияда жер сілкінісінен үш адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Жапонияның басты аралы Хонсюда болған жер сілкінісінің салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Бұрын бұрын NHK телеарнасы үйінділердің астында қаза тапқан Такацуки қаласында тұрған тоғыз жасар қыз бала мен көршілес Осака қаласының 80 жастағы тұрғыны туралы хабар таратқан.

Хонсю аралының оңтүстік-батысының өзге аудандарында жер асты дүмпуінен 40 астам адам әртүрлі жарақат алған. Табиғи апаты салдарынан тоқтаған лифтілерде 20 шақты адам қалып қойған.

Жер сілкінісінің кесірінен 60 астам жүрдек пойыз Токио мен Осака қалалары арасына қатынауын тоқтатты. Өзге де теміржолдар мен автомобиль жолдарында да қозғалыс тыйылды.

Апат аймақтарындағы 100 мыңнан астам пәтер газсыз қалды. Такацуки қаласында бірнеше жерлерде су құбырларына зақым келген, көшелердің кейбір тұстарында қозғалыс тоқтатылды.

Ұлттық меторологиялық басқарманың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің тербелісі 6,1 болған. Жер асты дүмпуінің ошағы  Осака префектурасының солтүстігінде 13 км тереңдікте орналасқан. HNK мәліметінше, жер сілкінісіне байланысты Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ кеңсесінде дағдарыстық штаб жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар