Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 6,7 мың ғимарат зақымданды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның Осака префектурасында 18 маусымда болған жер сілкінісі салдарынан 6,7 мың тұрғын үй мен шаруашылық құрылымдары зақымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ға сілтеме жасап.

Табиғи апаттың зардабын жою штабының дерегі бойынша, мұндай бүлінулер 16 қала мен кентте тіркелген. Негізінен 1980 жылдардың басында қазіргі жапондық антисейсмикалық нормаларға сай келмейтін құрылымдар зақымданған.

Сондай-ақ, апат болған аймақта осы уақытқа дейін 8,5 мың пәтер мен жеке үйлерде газ өшірулі тұр. Жер сілкінісінен кейін олардың саны 110 мың болды. Толықтай газбен жабдықтау 25 маусымда қалпына келтіріледі деп жоспарлануда. Жерасты дүмпуі салдарынан Осака префектурасының солтүстігінде бес адам қаза тауып, 350 тұрғын түрлі жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар