Жапонияда желтоқсан айында сандық вакцинация төлқұжаты енгізілмек

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония үкіметі биылғы жылдың желтоқсан айына қарай жергілікті тұрғындар үшін сандық вакцинация төлқұжатын енгізуге ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Nikkei газетіне сілтеме жасап.

Ёсихидэ Суга басқаратын үкімет мұндай шешімді дүйсенбіде ресми түрде жариялайтыны атап өтілді. Бұл жүйені енгізумен 1 қыркүйекте жұмысын бастаған Министрлер кабинеті жанындағы жаңа цифрландыру басқармасы айналысады. Қазіргі уақытта Жапонияда иммундауды растайтын қағаз сертификатын алуға болады. Сандық төлқұжаттар бірінші кезекте шетелге саяхат кезінде қолданылады деп болжануда.

Ел билігі шілде айының соңында коронавирусқа қарсы екпе алған жергілікті тұрғындардан арнайы вакцинация төлқұжатын алуға өтінімдерді қабылдауды бастаған болатын. Жапон бизрнес қауымдастығы (Кэйданрэн) маусым айында билікке елде электронды вакцинация төлқұжатын енгізуге ұсыныс жасады. Ұйым бұл коронавирустың таралуын болдырмау және қоғамның әлеуметтік-экономикалық белсенділігін тез қалпына келтіру үшін қажет деп сендірді.


Соңғы жаңалықтар