Жапонияда Жаңа жылдан кейінгі көлік кептелісі ондаған шақырымға созылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Жаңа жылдан кейінгі көлік кептелісі ондаған шақырымға созылды.

Сенбі күні таңғы сағат 5-те (Астана уақытымен сағат 2.00) Нара префектурасында Ямато тоннеліне апаратын магистральде - 45 , ал Саитамада - 40 шақырымға созылды. Тохоку және Тюгоку магистральдерінде ұзындығы 35 шақырымға жеткен көлік кептелісі тіркелді, деп хабарлады РИА Новости.

Сонымен қатар, әуежайлар мен темір жол вокзалдарында адамдардың көп шоғырлануы байқалды. Ішкі рейстер мен жүрдек пойыздардың билеттері толығымен дерліктей сатылды.

Атап өтейік, Жапониядағы ресми жаңа жылдық мереке күндері 1 және 2 қаңтар болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар