Жапонияда ЮНЕСКО мұралар тізіміндегі ежелгі қорған жанып кетті

None
None
ТОКИО. KYODO - ҚазАқпарат – ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар нысанының тізіміне енген Жапониядағы Сюри қорғанының бас ғимараты толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияның дерегі бойынша, сәрсенбіден бейсенбіге қараған күні өрт жергілікті уақытпен 2:40-да Окинава оңтүстік префектурасы Наха қаласында орналасқан қорғанның ғимараттын шарпыған, деп хабарлайды Kyodo.

Жергілікті өрт сөндіру басқармасының мәліметінше, ондаған өрт сөндіру машинасы оқиға орнына жіберілген. Зардап шеккендер мен құрбандар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.

Полиция өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Сюри ежелгі қорғаны Жапонияның оңтүстік-батысында туристер жиі баратын орындардың бірі. Ол Рюкюск мемлекеті кезінде монархтардың резиденциясы болған.

1945 жылы АҚШ күштерімен Окинава үшін шайқас салдарынан қираған үйінді астында қалса да, 1992 жылы қайта қалпына келтіріліп, ұлттық саябақ ретінде ашылды.

Қорған 2000 жылы ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар нысаны болып танылды.

Соңғы жаңалықтар