Жапонияда ұшуға бет алған Boeing 737 өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда Boeing 737 ұшағы қозғалтқышы ұшу-қону жолағына шығып үдей бастаған кезде өртке оранған, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Қозғалтқыштан шыққан түтін кабинаға өтіп кеткендіктен жолаушылар үрленетін сатымен апат кезінде пайдаланылатын есіктерден тысқа шығарылған.

Ұшақтың бортында 159 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған.

Жапонияның құқық қорғау органдары жолаушылардың бірі шамалы жарақат алғанын хабарлады. Жапондық әуе желілерінің Boeing 737 ұшағы Саппоро - Фукуокаға ішкі рейсті орындауы тиіс болған.

Соңғы жаңалықтар