Жапонияда төтенше жағдай режимі ел тұрғындарының жартысынан көбін қамтыды
Бұл туралы сәрсенбіде инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі үкіметтік штабтың отырысында Жапонияның премьер-министрі Ёсихидэ Суга мәлімдеді.
Енді «қауіпті аймақ» тізіміне елдің батысындағы Осака, Хёго, Киото, орталықтағы Гифу және Айти, оңтүстік-батыстағы Фукуока, сондай-ақ батыс аймақтағы Тотиги префектуралары кірді. Бұл жерлерде шектеу 7 ақпанға дейін енгізілген.
«Біз елдің бірқатар аудандарында коронавирус жұқтыру санының көптігіне байланысты қатты алаңдап отырмыз. Осыған орай, сондай-ақ сарапшылармен кеңес жүргізу қорытындылары бойынша ТЖ режимінің аймағын кеңейту шешімі қабылданды», - деді Суга NHK телеарнасы трансляциялаған отырыс кезінде.
Жапонияда 47 префектураның 12-сінде ТЖ режимі енгізілген, оған Үлкен Токионың аумағы да кіріп отыр. Осы аймақтарда шамамен 73 млн адам тұрып жатыр, бұл ел тұрғындарының жартысынан астамын құрайды.