Жапонияда тербелісі 5,3 жер сілкінісі болды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жұма күні Жапония солтүстігіндегі Хоккайдо аралында магнитудалық тербелісі 5,3 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жапония ұлттық метеорологилық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, дүмпудің ошағы Хоккайдо префектурасында, 30 км тереңде болған.

Әзірге зардап шеккендер немесе ғимараттардың қирауына қатысты ақпарат жоқ. Бастапқыда цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, алайда бірнеше минуттан соң ескерту алынып тасталды. 

Соңғы жаңалықтар