Жапонияда тайфунға байланысты 580 мың адамды эвакуациялайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапония билігі елдің батысына төнген «Кроса» тайфунының салдарынан 580 адамды эвакуациялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, оңтүстік-батыстан Жапония жағалауына жеткен тайфунның кесірінен Сикоку және Кюсю аралдарындағы 280 мың тұрғын үйге су басу және көшкін жүру қаупі төніп тұр.

NHK телеарнасының ақпаратына сәйкес, бейсенбі күні батыс Жапонияға аттанатын 700-ге жуық әуе рейстерінің, кейбір бағыттарда жүретін пойыздардың қозғалысына шектеу қойылды.

«Кроса» тайфунының салдарынан нөсер жауын жауып, жылдамдығы секундына 45 метрге жететін дауыл соқты, сондай-ақ теңізде биік толқындар пайда болды. Метеорологтардың мәліметінше, кейбір аудандарда 100 миллиметрге дейін нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар