+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Жапонияда тайфун салдарынан 19 адам мерт болды, 16-сы іздестірілуде

2019 жылғы 13 қазан 14:46
Бөлісіңіз:
Жапонияда тайфун салдарынан 19 адам мерт болды, 16-сы іздестірілуде

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияға төнген «Хагибис» тайфунының салдарынан 19 адам қаза болып, 16-сы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлім болғандай, тағы 100-ге жуық адам зардап шеккен.

Мамандардың бағалауынша, Жапонияның кейбір аудандарында су тасқындары болуы мүмкін.

Елдің басты аралы – Хонсюда тұратын 6 миллионнан астам адамды эвакуациялау қажеттігі айтылды. Пойыздардың дені тоқтап, ел астанасы мен оған жақын маңдағы аудандарда әуежайлар жабылды.

Жексенбі күні Токиода, сондай-ақ Жапонияның орталық және шығысындағы басым аумақта халықты эвакуациялау ұсынысы кері қайтарылғанымен, Жер ресурстары, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің мәліметінше, 12 префектурада топырақ көшкіні мен сел тасқындарының 48 оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ 9 өзен арналарынан шыққан.

Су бөгеттерінің жарылуының алдын алу мақсатында кейбір нысандарда суды ағызып жіберу шараларына рұқсат етілді.

Жергілікті жағалау күзетінің ақпаратына сәйкес, сенбі күні кешке Токио шығанағында 12 экипаж мүшесі мінген панамалық жүк кемесі суға батып кеткен. Бұл аумақта құйынды жел мен нөсерлі жауын болған. Жексенбі күні таңертең экипаждың бес мүшесі құтқарылды. Алайда, олардың бірі кейін көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT