Жапонияда тайфун кесірінен 500-ге жуық авиарейс тоқтатылды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда авиакомпаниялар «Тапа» тропикалық дауыл төндірген қауіптен 480-нен астам ішкі авиарейсті тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониядағы авиакомпаниялар №17 тропикалық дауыл салдарынан жексенбіде 480-нен астам ішкі рейсті тоқтатты.

«Тоқтатылған авиарейстер елдің оңтүстік батысындағы Кюсю аралын басқа өңірлермен байланыстыратын, оның ішінде Фукуока, Миядзаки, Нагасаки, Кагосима, Сага әуежайлары бар», - делінген хабарламада.

Нақтылай кетсек, All Nippon Airways компаниясы 151 авиарейсті, Japan Airlines 126 рейсті кейінге қалдырған.


Соңғы жаңалықтар