Жапонияда Синдзо Абэ кортежіне өтуге әрекеттенген ер адам ұсталды

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Токио полициясы премьер-министр Синдзо Абэнің кортежіне өтпек болған Жапонияның тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға өткен айда болған. Жапон үкіметі басшысы кеңсесінің алдында жалғыз өзі пикет өткізген 63 жастағы ер адам наразылық білдірген. Бір уақытта ол қоршау арқылы Синдзо Абэнің кортежіне өтуге тырысқан, тіпті оны тоқтатуға тырысқан күзетшілердің бірін аяғынан қағып құлатқан.

Ер адам өз әрекетін премьер-министрден отставкаға кетуді талап ету ниетімен түсіндірді.

Kyodo деректері бойынша, ер адам бұған дейін бірнеше рет ел премьер-министрі кеңсесінің алдында жеке пикеттер ұйымдастырған.


Соңғы жаңалықтар