Жапонияда сағатына 360 км жылдамдықпен жүретін пойыздың прототипін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -JR East компаниясы жаңа ALFA-X жүрдек пойызының прототипін көрсетті, деп хабарлайды Sankei газеті.

Пойыз құрамы 10 вагонға есептелген. Мұндағы басты жаңа енгізілім - пойыз «тұмсығы» ұзындығының 22 метрге жетуі.

Бұл жаңа құрастырылым қажетті жылдамдықты қамтамасыз етіп және салондағы жолаушылардың тыныштығын сақтауға, сондай-ақ тоннелдердегі қысымды төмендетуге әсер етуі етуі тиіс.

Құрамды әзірлеушілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар сынақ кезінде жылдамдықты сағатына 400 шақырымға жеткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар