+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Жапонияда 84 жастағы әйел көлікпен ғимараттың әйнек қабырғасын қиратып өтті

2021 жылғы 22 қыркүйек 10:26
Бөлісіңіз:
Жапонияда 84 жастағы әйел көлікпен ғимараттың әйнек қабырғасын қиратып өтті

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның шығысындағы Мацудо қаласында жеңіл автокөлік жергілікті клиника ғимаратын соғып, әйнек қабырғаны қиратып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адам жанып кетті Атырауда 71 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті Ақмола облысында екі көлік соқтығысып,  бір адам көз жұмды, бес адам ауруханаға түсті

45 жастағы клиника науқасы мен автокөлікті басқарған 84 жастағы әйел жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеуді бастады.

Соңғы жылдары Жапонияда егде жастағылардың қатысуымен болған жол апаты жиілеп кетті. Осыған байланысты жергілікті полиция егде жастағы адамдарды сенімсіздік болған жағдайда көлік жүргізу құқығынан өз бетінше бас тартуын сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT