USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Жапонияда өздігінен басқарылатын жүрдек пойыз алғаш рет сыналды

2021 жылғы 17 қараша 12:09
Бөлісіңіз:
Жапонияда өздігінен басқарылатын жүрдек пойыз алғаш рет сыналды

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапонияның JR East теміржол компаниясының қызметкерлері алғаш рет өздігінен басқарылатын жүйесі бар «синкансэн» экспресін сынақтан өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады Жапонияда цунами 20 кемені аударып кетті Жапонияда жанартау атқылап, Тынық мұхитында цунами болды

Сәрсенбі күні таңертең жүргізілген сынақ кезінде 12 вагоны бар шапшаң жүретін пойыз жүргізушісі автоматты режимге өткізген соң, қолмен қандай да бір араласусыз жұмыс істеді. Е7 сериясындағы пойыз диспетчерлік пунктен қашықтықтан басқарылған.

Бұл – Жапонияда өте шапшаң жүретін пойыздың автономдық жұмысының алғашқы сынағы.

Түпкі мақсаты машинистсіз жүретін пойыз болғанымен, сәрсенбіде өткізілген сынақ кезінде қандай да бір төтенше жағдайға әзір болу үшін оның ішінде бірнеше жүргізуші мен қызметкер болған.

Ниигата стансасынан 5 шақырымға жуық жолдан өтіп, берілген максималды жылдамдық – сағатына 110 шақырымға жеткен пойыз синкансэн Ниигата вокзалында тоқтады.

JR East ресми өкілі автономды пойыздың тоқтау әдісі машинист жұмысына «тең келетінін» айтып, компания оны әлі де жетілдіру жұмыстарын жүргізетінін қосып өтті.

Жапонияда темір жолда автоматты басқару жүйелері жердегі және өткелдері жоқ кейбір монорельсті жолдарда енгізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT