USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Жапонияда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді

2021 жылғы 30 қараша 13:49
Бөлісіңіз:
Жапонияда омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапония астанасы Токиодағы Нарита әуежайында коронавирустың жаңа омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл туралы сейсенбі күні Kyodo агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан өңірлерінің басым бөлігі әлі «қызыл» аймақта тұр Соңғы тәулікте 12 адам коронавирустан көз жұмды 3 657 науқас коронавирустан жазылды

Жаңа штамм анықталған ер адам 30-40 жас аралығында, Намибиядан ұшып келген. Шекарадан өту кезінде одан вирус анықталып, оқшауланған. Одан кейін дәрігерлер омикрон штамын анықтау үшін қосымша талдау жасаған. Нәтижесі оң болып шықты.

Әлемде омикрон штамының таралуына байланысты Жапония 30 қарашадан бастап үш апта бұрын шетелдік бизнесмендерге, студенттер мен техникалық тағылымгерлерге елге кіруге енгізілген жеңілдетулерді алып тастады. Сонымен қатар барлық елдер азаматтарына жаңа виза беруді тоқтатты. Аталған шаралар мамандар жаңа штамның қаупі туралы қорытындыға келмейінше, бір ай көлемінде қолданылады. Керек болған жағдайда шектеулер созылатын болады.

Сонымен қатар Жапония 30 қарашадан бастап 23 ел мен өңірден келушілерге карантиндік шараларды күшейтті. Одан бөлек, Ангола, ОАР, Зимбабве, Намибия елдерін қосқанда, Африканың 10 елінен келген азаматтарды он күндік карантинге жіберетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT