+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жапонияда оқу-жаттығу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған

2021 жылғы 24 маусым 08:21
Бөлісіңіз:
Жапонияда оқу-жаттығу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапонияның батысындағы Сига префектурасында оқу-жаттығу атыстарын жүргізу кезінде мина әскери полигоннан тыс жерге құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Италия премьер-министрі вакцинаға қарсы адамдарға сын айтты Ақтөбеде көлік қаққан велосипедші ауруханада көз жұмды Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты

Жапонияның құрлықтағы Өзін-өзі қорғау күштерінің жауынгерлері 120 мм калибрлі минометтерден оқ атқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір мина полигоннан тыс жерге ұшып кетіп, атыс орнынан 1 км қашықтықта таулы аймаққа құлаған.

Қазіргі уақытта оны іздеу жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір келтірілген залал немесе зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Оқиға салдарынан полигонда оқ атуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, ол бейсенбіде Orient Shield жапон-америкалық бірлескен жаттығуларының аясында екі тараптың 3 мыңға жуық адамының қатысуымен басталуы керек еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT