Жапонияда нөсер салдарынан құрбан болғандар саны 195 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда толассыз жауған нөсер мен содан туындаған су тасқыны салдарынан опат болғандар саны 195 адамға жетті, тағы жиырмадан адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ТАСС.

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суганың айтуынша, тағы 40-қа жуық адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. «Бұдан тыс, 4 адам хал үстінде жатыр, хабар-ошарсыз кеткендердің саны 23-ке жетті. Су тасқынының салдарын жою мен жоғалғандарды іздеуге 70 мың адам жұмылдырылған», - дейді ол.

Kyodo агенттігінің мәлімдеуінше, эвакуация орталықтарында үйін су басқандықтан тастап шыққан 6 мыңнан астам адам бар.

Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті. Мұншалықты алапат нөсер 1953 жылдан бері байқалмаған болатын. Ол кезде Жапонияның батысындағы Кюсю аралында 759 адам қаза тауып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалған болатын.

Фото: english.kyodonews.net

Соңғы жаңалықтар