Жапонияда мыңнан астам адам аптап салдарынан ауруханаға жеткізілді

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Өткен аптада - 29 мамыр және 4 маусым аралығында Жапонияда аптап ыстық салдарынан 1086 адам ауруханаларға жеткізілді, бұл алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 

Оның үстіне медициналық мекемелерге апарылған адамдардың жартысына жуығына ыстық өткен, - олар 65 жастан асқан егде жастағы адамдар.

Елдегі өрттен сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 17 адамға ем алуын жалғастырып, үш аптаға дейін дәрігердің қарауында болуларына тура келеді.

Айта кетейік, өткен аптада Жапонияның көп аймақтарында аптап ыстық болып, ауа температурасы көлеңкелі жерлердің өзінде +30 градусқа дейін жетті, деп хабарлайды Kyodo. Алдағы күндерде де ауа температурасы төмендемей, +34 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар