Жапонияда мерекеден кейінгі көлік кептелісі 55 шақырым болуы мүмкін
2017 жылғы 2 қаңтар 12:29

Жапонияда мерекеден кейінгі көлік кептелісі 55 шақырым болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда дүйсенбі күні кешке, жаңажылдық мерекеленің аяқталуына байланысты 55 шақырымдық көлік кептелісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Жапония жол қозғалысының ақпараттық орталығы.

Жапонияда жұмыс күндері 3-4 қаңтарда басталатындықтан, жаңа жылды қала орталығынан тысқары тұратын туыстарында қарсы алған тұрғындар үйлеріне жетуге асығады.

Токио бағытындағы Томэй тас жолында көлік кептелісі 55 шақырымнан асып кетуі мүмкін деп болжануда. Осы жағдай Сайтам жолында - 40-45 шақырым, ал Аитиде - 35 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Синкансэн тез жүретін электр пойыздары мен әуе маршруттарындағы кептеліс сейсенбі болады деп күтілуде.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT