Жапонияда мектеп автобусы жол апатына ұшырады

None
None
ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат—Сәрсенбі күні Жапонияның солтүстігінде мектеп автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo news агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хоккайдо префектурасы полициясының мәліметінше, оқиға Мемуро деген шағын қалада орын алған. Мұнда орта буын және кіші сынып оқушыларын тасымалдаған автобус аударылды. Оқиға салдарынан кем дегенде 11 адам ауруханаға түсті.

Құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті.


Соңғы жаңалықтар