Жапонияда құтқарушылардың тікұшағы жоғалып кетті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапония орталығындағы Гумма префектурасында құтқарушылардың тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды ТАСС Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Оның бортында тоғыз адам болған. Белсенділігі артып тұрған Кусацу-Сиранэ жанартауының маңына жеткенде тікұшақпен байланыс үзілген. Жанартау үстіміздегі жылдың басында атқылаған болатын.

Тікұшақ экипажы Гумма және Нагано префектураларының шекарасындағы тау соқпақтарының жағдайын әуеден бақылауы тиіс болған.

Соңғы жаңалықтар