Жапонияда күшті жел тұрып, қалың қар жаууы ықтимал

None
ТОКИО. KYODO - ҚазАқпарат – Жапонияның басым бөлігінде сейсенбі күні қалың қар жауады. Метеорологтар жолда мұқият болуға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Алдағы екі тәулікте Жапон теңізіне шығатын аудандар мен Тынық мұхиты бөлігіне жақын аудандарда күшті жел мен дауыл соғуы мүмкін. Жапония метеорология агенттігінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына төменгі атмосфералық қысым себеп болған.

Сейсенбі күні ол күшейіп, Хоккайдо аралынан солтүстік-шығысқа қарай Курил аралдары мен Жапонияның шығысына қарай ауысып, ауа температурасы қыстағы ең төмен көрсеткішке жетеді.

Жапония орталығындағы Хокурику аймағында бір тәулік ішінде 100 сантиметрге дейін қар түсуі мүмкін, солтүстік-шығыстағы Тохокуге – 80 сантиметр, Канто-Косиннің орталығы мен шығысына және батыстағы Кинку мен Чугоку аудандарына қалыңдығы 70 сантиметр қар жауады.

Сондай-ақ метеорологтар Хокурику, Кинки, Чугоку, батыстағы Сикоку аралы мен Жапонияның оңтүстік-батысындағы Окинавада жылдамдығы сағатына 82,8 шақырымға жететін жел соғуы мүмкін, ал Канто-Косин ауданында желдің жылдамдығы 72 км/сағ болады.


Фото: english.kyodonews.net

Соңғы жаңалықтар