Жапонияда күніне 180 мыңнан астам коронавирус жұқтыруда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларының жаңа антирекорды тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Жапонияда жұқтыру жағдайларының күнделікті саны 180 мыңнан асып, екінші күн қатарынан рекорд орнатты. Өйткені елдегі инфекциялардың жетінші толқыны аясында 47 префектураның 35-інде рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Токиода және басқа да префектураларда, оның ішінде Осакада және Фукуокада коронавирус жұқтыру жағдайларының рекордтық саны тіркелді, себебі Омикронның кіші нұсқасы BA.5 елде кең таралды.

ДСМ коронавирусты жұқтырудың өсуіне байланысты ресейліктерді ревакцинациядан өтуге шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша, онда тәулігіне 6,5 мыңға жуық адам ауыруда. Ең алдымен, қарттарға және созылмалы аурулары бар адамдарға қайта егу ұсынылады.

Карибтің Ангилья аралы вакцинацияланған шетелдіктерден коронавирус үшін алдын-ала тестілеу нәтижелерін талап етуді тоқтатады. Бұл үш аптадан аз уақыт ішінде болады.

Ангилья Туризм кеңесінің хабарлауынша, 8 тамыздан бастап аралға кіру үшін вакцинацияланған туристерге коронавирусқа жағындыны алдын ала тапсырудың қажеті болмайды. Саяхатшылардан рейске тіркелмес бұрын, содан кейін Ангилья мен жақын маңдағы Сент-Мартинге келгеннен кейін ғана вакцинация мәртебесін растауды сұрайды.


Фото: Mauro Ujetto/NurPhoto via Getty Images
Соңғы жаңалықтар