Жапонияда күнделікті вирус жұқтырғандар саны алғаш рет 1000-нан асты

None
None
ТОКИО. Kyodo News-ҚазАқпарат – Жапония бейсенбіде коронавирус жағдайының күнделікті саны 21 тамыздан бастап алғаш рет 1000-нан асқанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Соңғы күндері Жапонияның түрлі бөліктеріндегі қосымша инфекциялардың саны артуда. Денсаулық сақтау саласының кей мамандары нашар желдетілетін жерлерде болуға мәжбүр адамдардың вирусты көбірек жұқтыратынын ескертіп отыр. Токио мен Осакадан басқа, бейсенбіде туристердің сүйікті мекені Хоккайдода инфекцияның жаңа жағдайлары 100-ден асты. Вирус басталғаннан бері алғаш рет елдің негізгі солтүстік аралында жоғары көрсеткіш байқалды. Токио инфекцияның 269 жаңа жағдайын растады, олардың жалпы саны 31 893-ке жетті. Бұл – Жапонияның 47 префектурасының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.


Соңғы жаңалықтар