Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды
2019 жылғы 21 ақпан 19:30

Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 21-22-де Хоккайдо солтүстік губернаторлығының аумағында қатты сезілген.

Сейсмикалық құбылыстың ошағы 30 шақырым тереңдікте жатқан, деп хабарлайды NHK телерадиокомпаниясы. Цунами қаупі жоқ. Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат әзірге түспеген.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT