Жапонияда көтерме баға сәуірде 10%-ға өскен
2022 жылғы 16 мамыр 20:42

Жапонияда көтерме баға сәуірде 10%-ға өскен

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жапонияда сәуірде көтерме баға рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Жапонияның орталық банкі ұсынған статистикалық деректерде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Орталық банктің ақпаратына сәйкес, Жапонияда сәуір айында көтерме сауда бағасы 10%-ға өсті. Соңғы рет мұндай өсім 1981 жылы болған.

Мұнай өнімдері мен көмірдің бағасы 30,9%-ға, ағаш материалдары мен ағаштан жасалған бұйымдар (+ 56,4%), түсті металдар (+25%), темір мен болат (+29,9%) қымбаттаған. Сусындар мен тамақ өнімдері (+3,7%) өскен.

Жергілікті БАҚ жазғандай, жапондық кәсіпорындардың саны өсіп келе жатқан шығындарға байланысты өнім бағасын көтеріп, өз шығындарын сатып алушылар есебінен жабуда.

Осыған байланысты Жапонияда алдағы айларда тұтынушылық инфляцияны жеделдетпекші. Шикізатқа жұмсалатын шығындардың өсуі автоөнеркәсіп кәсіпорындарын қоса алғанда, жапондық өндірушілердің операциялық қызметінің перспективаларына теріс ықпал етуі мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT