Жапонияда коронавирустан өлім-жітім бойынша антирекорд тіркеліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапонияда коронавирус инфекциясынан өлім-жітім бойынша екінші күн қатарынан антирекорд тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бейсенбі күні аталған елде 420 адам қаза болды. Мұндай жағдай пандемия кезінде де болған емес.

Жапонияда соңғы үш жылдан бері демалыстар маусымы қандай да бір шектеу шараларсыз өтіп жатыр.

Осыған орай Азияның бірқатар мемлекеті мен АҚШ жапониялық туристерге міндетті тестілеу енгізді. Еуроодақ мұндай қадамға барудың қажеттілігін әзірге көріп отырған жоқ. Алайда Испания мен Италия мұндай талапты енгізіп қойды.


Соңғы жаңалықтар