Жапонияда коронавирусқа шалдыққандар саны 1 миллионнан асты

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жұма күні Жапонияда коронавирус инфекциясына шалдығудың расталған жағдайларының саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған Жапонияның көптеген префектуралары соңғы күндері вирусқа шалдығудың расталған оқиғалардың рекордтық көрсеткіштері тіркелгені себеп болды.

Жұма күні Токионың елордалық үкіметі коронавирусқа шалдығудың күнсайынғы 4515 оқиғасын растады. Бұл ел астанасында тіркелген екінші көрсеткіш, себебі бір күн бұрын, яғни бейсенбіде рекордтық 5042 жағдай туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ Осака префектурасы рекордтық 1310 оқиға туралы мәлімдеді.

Премьер-министр Ёсихиде Суга енді Паралимпиада ойындарын көрермендермен өткізу мәселесін оның ұйымдастырушылары және үкіметтердің бесжақты кездесуінен кейін қарастырылатынын мәлімдеді.

Орталық үкімет, Токио үкіметі, ұйымдастыру комитеті, Халықаралық олимпиада комитеті және Халықаралық паралимпиада комитеті жексенбі күні, Олимпиада ойындары аяқталған соң кездеседі. Паралимпиада ойындары 24 тамызда басталуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар