Жапонияда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

None
None
ТОКИО. KYODO NEWS - ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Жапония коронавирус жұқтырудың жаңа 1660 жағдайын растады, бұл биылғы жыл басынан бергі күндізгі рекордтық максимум, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі кейбір сарапшылар қысқы уақыт жақындаған сайын коронавирус індетінің өршуін болуы мүмкін «үшінші толқын» деп атап отыр.

Вирустарға қарсы күрес жүргізу комитетінің отырысынан кейін Жапония үкіметінің коронавирусты елеу шараларына жауап беретін министрі Ясутоши Нишимура «инфекцияның жазғы кезеңнен кем түспейтін өршуі жақындағанын» ескертті.

Бұған дейін бүкіл ел бойынша біркүндік рекорд (1597 оқиға) 7 тамызда тіркелген еді.

Сарапшылар инфекцияның өршуін ауа райының суытуымен байланыстырып отыр. Жапония медициналық қауымдастығының басшысы Тосио Накагава соңғы жағдайды коронавирустың үшінші толқыны деп атады.


Соңғы жаңалықтар