Жапонияда қалың қар түсуі салдарынан 140-тан астам рейс тоқтатылды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның әуе компаниялары елдің солтүстігіндегі Хонсю аралы мен Жапон теңізінің жағалауында қалың қар түсуі салдарынан кем дегенде 143 ішкі рейсті тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кестедегі өзгерістер негізінен Токио, Осака сияқты ірі қалалар және солтүстіктегі префектуралар арасындағы бағыттарға қатысты болып отыр. Қалың қар жаууы салдарынан «синкансэн» экспрестерінің бірнеше желісінде қозғалыс жылдамдығы шектетілген. Сондай-ақ кешке оңтүстік-батыста орналасқан Кюсю аралындағы магистральдардің бірі жабылатыны туралы хабарланған.

Қалың қар түсуі салдарынан Иватэ префектурасында бір ер адам қаза тапты. Трактормен қар ысырған ол аңдамай өзенге құлап кеткен.

Жапонияда бірнеше күн бойы қалың қар жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, 2 қаңтар таңына қарай Жапония теңізінің жағалауында қалыңдығы 1 метрге дейін қар түсуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар