Жапонияда қалың қар: Әуе рейстері тоқтатылып, мыңдаған үйлер жарықсыз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гифу префектурасы мен елдің орталық бөлігінде қалың қардың түсуі салдарынан 3,6 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды.

Қалың қар мен дауылды жел 93 әуе рейсін тоқтатып, Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы "Синкансэн" жүйрік пойыздарының қозғалысына қиындық туғызды.

Хоккайдо аралының шығысындағы дауылды толқындар мен су басу қаупінен жағалаудағы аудандардың 240 тұрғыны қауіпсіз жерге көшіріліп, тағы 1,5 мың адамға үйлерінен кету ескертілді.

Ниигата префектурасында түскен қардың қалыңдығы 1,6 метрге дейін жетеді, ал Хоккайдода өткен тәулікте қалыңдығы 90 сантиметр қар түскен.

Соңғы жаңалықтар