Жапонияда ғылыми зерттеу үшін 180-дей кит өлтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония ғалымдары 177 китті аулап, өлтірген, деп мәлімдеме жасады елдің балық аулау өнеркәсібі басқармасы.

Channel NewsAsia-ның ақпараты бойынша, үш кит аулайтын кеме 43 кіші теңбіл бауырлы кит пен 134 сейвалды аулаған. Мамандар жануарлардың ішкі ағзаларын зерттеуде, атап айтқанда, олардың асқазанындағы заттар туралы мәліметтер жинап жатыр.

Кит аулау өнеркәсібін реттеу жөніндегі халықаралық конвенция бұл жануарларды табыс табу мақсатында аулауға тыйым салады. Алайда 1987 жылғы келісімде киттерді «өлімге әкеп соқтыру қаупі болса да зерттеуге» болатыны айтылады.

Сонымен қатар зооқорғаушылар Жапонияны ғылыми мақсаттарды желеу ете отырып кит аулап, етін супермаркеттерде сатып жатыр деп айыптайды.

Соңғы жаңалықтар