Жапонияда ел премьер-министрі халық алдына шығарда жарылыс болған

None
ВАКАЯМА. ҚазАқпарат – Оқиға Вакаяма қаласындағы балықшылар портында болды. Күдікті ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ке сілтеме жасап.

15 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Вакаяма қаласындағы балықшылар портында көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеуі керек болған. Осы кезде жарылыс дыбысы естіліп, ақ түтін түзіледі. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ал, жарылғыш зат лақтырған күдікті оқиға орнында ұсталған.

Бұдан бұрын Кишида Вакаямадағы Сайгасаки портында балықтың дәмін татып көрген. Мұнан соң ол Вакаяма 1 округі бойынша палата өкілдерін қосымша сайлауға байланысты сөз сөйлеуі керек еді. Алайда, іс-шара кейінге қалдырылды. Аталған сайлау осы айдың 23-іне өтеді.



Соңғы жаңалықтар