Жапонияда екі кеме соқтығысып, біреуі мұхитқа батып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапониялық екі жүк кемесі Тынық мұхитта, Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта соқтығысып қалды, деп хабарлады жексенбіде NHK телеарнасы.

Салдарынан судноның біреуі суға батып кеткен. Борттағы экипаждың бес мүшесінің төртеуі із-түзсіз жоғалды. Кеме капитаны құтқарылды.

Апат түнде болған, тұман салдарынан ен нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген судно Осакаға бара жатқан.

Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар