+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Жапонияда Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы коронавирустан көз жұмды

2020 жылғы 20 ақпан 10:21
Бөлісіңіз:
Жапонияда Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы коронавирустан көз жұмды

ТОКИО. BBC - ҚазАқпарат - Diamond Princess круиздік лайнерінің екі жолаушысы короновирус жұқтырып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Таразда алғаш рет жасалған торакотомиялық күрделі ота сәтті Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы

Бұл туралы жапониялық Эн-эйч-кей телеарнасы мемлекетік ақпарат көздерінің біріне сілтеме жасап хабарлады, алайда дереккөздің аты аталмайды.

Телеарнаның хабарлағанындай, вирустың салдарынан мерт болғандар әйел мен ер адам. Екеуінің де жасы 80-нен асқан. Japan News твиттер аккаунтының мәліметтерінше (Жапониядағы беделді «Йомури» басылымымен байланысты), мерт болғандар Жапония азаматтары.

Эн-эйч-кей мәліметі бойынша, олардан 11 және 12 ақпан күндері вирус анықталып, жолаушылар кемеден түсіріліп, емханаға жатқызылды. Вирус жұқтырғанға дейін екеуінің де басқа аурулары болған.

Кеме жапондық Йокогама портында екі апта карантинде тұрды. Жақында ғана билік өкілдері коронавирус анықталмаған және оның белгілері жоқ 500 жолаушының жағаға шығуына рұқсат берді.

Індет жұқтырған адамдар әлі тіркеліп жатыр, кемедегі науқастардың саны 621-ге жетті. Бұл Қытай шекарасынан тыс аумақта Covid-19 вирусын жұқтырғандардың ең үлкен шоғыры.

Карантин кезінде инфекция жолаушылар арасында тез тарап кетті. Бірнеше мемлекет карантин біткенше азаматтарын эвакуциялады. Әзірге кемеден қарт адамдар шығарылды.

Карантин басталған уақытта лайнерде 3700 жолаушы мен экипаж мүшесі болды.

Қытай билігі бейсенбі күні вирус жұқтырғандар мен қаза тапқандар санына қатысты жаңа дерек ұсынды: қайтыс болғандар саны - 2112, бір күн бұрынғы мәліметтен 108-ге көп.

Жалпы індет жұқтырғандар 74 мыңнан асты, өткен тәулікте 628 жаңа оқиға тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT