Жапонияда COVID-19 жұқтыру жағдайлары бұрын болмаған қарқынмен өсуде

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның көптеген аудандарында коронавирус жұқтыру жағдайы бұрын болмаған қарқынмен өсуде. Бұл туралы Жапонияның Экономиканы қалпына келтіру істері жөніндегі министрі Ясутоси Нисимура мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Japan Times-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, соңғы апталарда COVID-19 кластерлері әмбебап дүкендер, шаштараз және мектептер сияқты бұрын анықталмаған жерлерде шоғырлануда.

«Елдің көптеген аудандарында коронавирус жұқтырудың бұрын болмаған қарқыны байқалуда. Тек астанада ғана емес, сонымен қатар Кансай мен солтүстіктегі Канто өңірлерінен бастап ел бойынша коронавирус жұқыру жағдайлары бұрын болмаған қарқынмен көбейді», - деп мәлімдеді Нисимура.

Сонымен қатар ел билігі коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары туралы хабарлауда. Рекордтық көрсеткіштер: Токиода 3 865 жұқтыру жағдайы, Канагаведе 1 164, Сайтамеде 964 және Чибеде 506 коронавиус жұқтыру жағдайы тіркелген.

Жапонияның Ұлттық жұқпалы аурулар институты «дельта» үнді штамының қазіргі кезде Токио астаналық өңіріндегі жұқтыру жағдайларының 70 пайызының себепшісі болады деп болжаған.


Соңғы жаңалықтар