Жапонияда бортында адам отырған аэромобиль сынақтан өткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда SkyDrive компаниясы жасап шығарған, ішінде адам отырған ұшатын автомобиль сынақтан сәтті өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP-ға сілтеме жасап.

Көлік екі метрдей биіктікте төрт минут ұшқан. Қазіргі кезде автомобильді құрастырушылар оның жылдамдығы мен ұшу уақытын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Мұндай механизмдерді жасап шығарумен әлемнің бірнеше елі айналысып отыр, бірақ SkyDrive жобасы әзірге ең сәттісі болды.


Соңғы жаңалықтар