Жапонияда болған жер сілкінісінен 19 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС - ҚазАқпарат – Жапония астанасы маңында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 19 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады. Үш адам Токиода бірнеше вагонның рельстен шығуы кезінде зардап шеккен. Өзгелері негізінен құлаған кезде түрлі дәрежеде жарақат алған. Сейсмологтар зілзаланың магнитудасының өлшемін 5,9-ға дейін төмендетіп хабарлағаны туралы айтылып жатыр.

Жерасты дүмпуінің ошағы Токио мен Тиба профектураларының шекарасында жатыр.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, зілзаланың ошағының тереңдігі 75 емес, 80 км.

Осыған дейін Токиода қуатты жер сілкінісі болғандығы хабарланды.


Соңғы жаңалықтар