Жапонияда атом бомбасының құрбандары тізімі жаңартыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларында 1945 жылғы атом бомбасынан зардап шеккендер тізімін жыл сайынғы жаңарту басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телекомпаниясына сілтеме жасап.

Осы қалалардың әрқайсының тізімдерді жаңартылып, оларға бомбалаудан зардап шеккен, былтыр қайтыс болған немесе қайтыс болғаны соңғы 12 айда тіркелген адамдарды енгізіп отыр.

Хиросимада тізімде 324.129 есім тұр. Биылғы жылы қала билігінің өкілдері оған тағы 4 364 жаңа есімді енгізеді.

Нагасаки қаласының тізімінде 186 057 есім бар. Биыл оған тағы 3 400 адам аты қосылады.

Құрбандар тізіміне есімдерді каллиграф Морита Такако енгізіп жатыр. Оның ата-анасы 1945 жылы радиациядан зардап шеккен.

Такако тізімдерді жаңарту екінші және үшінші ұрпақтың бұл туралы біліп, құрбан болғандарды болашақ ұрпаққа жеткізуі маңызды екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар