Жапонияда атқылаған жанартау Кагосима қаласына қауіп төндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Жапонияның Кюсю аралындағы алып Сакурадзима жанартауы атқылады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Жанартаудан атқылаған түтін мен күлдің биіктігі 4,7 шақырымға жетті.

Табиғи апаттан қираған ғимараттар мен құрбандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Жапонияның Метеорология басқармасының хабарлауынша, Сакурадзиманың атқылауы таңғы 07:19-да басталған. Жанартаудың өзегінен шыққан пиропластикалық күйдегі заттардың ағыны Кагосима қаласына қауіп төндіруі мүмкін.

Ведомство өңірдегі қауіптің үшінші деңгейге жататынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар