Жапонияда аса ірі жанартау атқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда Кюсю аралындағы Кумамото префектурасының оңтүстік батысында аса ірі Асо жанартауы атқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық метеорологиялық басқармадан мәлім еткен.

Жергілікті билік тұрғындарды оның маңына бармауға шақырды. Жапония үкіметі жанынан жанартаудың атқылауына байланысты ақпараттар жинайтын штаб құрылды.

Асо - әлемдегі аса ірі жанартаулардың бірі. Оның биіктігі 1592 метр.

Соңғы жаңалықтар