Жапонияда аптап ыстық салдарынан бір аптада 7,4 мың адам ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның көп бөлігінде орын алған аптап ыстық салдарынан бір аптаның ішінде 7,4 мың адам ауруханаға жеткізілді.

Жапонияның өртке қарсы күзет басқармасы 20-26 шілде аралығындағы мәліметтерді келтіріп өтті, деп жазады РИА «Новости».

Аптап ыстықтан зардап шеккендердің ең көп саны Токио префектураларында тіркелген - мұнда 827 адам ауруханаға жеткізілді, Сайтамада - 721 адам, Тибада - 522 адам, Канагавада - 515 адам, Аитиде - 465 адам және Осакада - 300 адам зардап шеккен. Олардың арасында бірнеше ондаған бала да бар.

Өткен аптада ең жоғары температура жексенбі-дүйсенбі күндері тіркелді. Бірқатар префектураларда күн 39 градусқа дейін ыстық болған.

Метеорологтардың болжамынша, сейсенбі, 28 шілде күні Токио, Осака және Киотода ауаның температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі, Кюсю аралында күн 34 градусқа дейін ысиды, ал Фукусима префектурасында 32 градустай ыстық болады. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты метеорологтар адамдарды салқындатқыш құралдарды пайдаланып, далада ұзақ уақыт болмауды, сондай-ақ үнемі су ішіп отыруды кеңес етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар