Жапонияда аптап ыстық: рекордтық температура тіркелді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның Сидзиока префектурасының Хамамацу қаласының орталығында термометр бағаны 41,1 Цельсия градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның метеоқызметінің хабарлауынша, дәл осындай ауа температурасы 2018 жылдың 23 шілдесінде, Сайтама префектурасының Кумагая қаласында тіркелген.

Жапонияның барлық өңірінде тамыз айында күн өте ыстық болып отыр. Қазіргі уақытта Токиодағы температура 35 градусқа жетті. Жапонияның жергілікті билік өкілдері тұрғындарды күн тиюден сақтануға шақырады.

Былтыр ыстық өтіп кеткен 70 мыңнан аса адам ауруханаға жатқызылып, олардың 126-ы қайтыс болған.



Фото: EPA
Соңғы жаңалықтар