Жапонияда аптап ыстық: Бір тәулікте 1,5 мыңнан астам адам ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда аптап ыстықтың салдарынан сенбі күні алты адам қаза тауып, мың жарымнан астам тұрғын ауруханаға жатқызылды. Елдің барлық аумақтары күннің ыстығынан зардап шегуде, деп хабарлайды ТАСС Kyoto агенттігіне сілтеме жасап.

Елде 1536 адамның басынан ыстық өтіп, ауруханаға түскен. Жапонияның көп жерлерінде соңғы бірнеше күн бойы ауа райы ыстық әрі дымқыл. Температура күндіз тұрақты түрде 30 градустан жоғары болып отыр. Елдің кейбір аумақтарында термометр бағаны Цельсий шкаласы бойынша 39 градусқа жеткен.

Өткен жылы аптап ыстық салдарынан елде 44 адам көз жұмып, ондаған мың жапондық ауруханаларға түскен еді.

Соңғы жаңалықтар