Жапонияда 20 жылда алғаш рет қылмыс саны бірден өскен

None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда 20 жылда алғаш рет қылмыс саны бірден өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Жапония полициясы мұны елде 2022 жылы коронавирусқа байланысты шектеулер әлсірегеннен кейін көшедегі қылмыс санының өсуімен түсіндіріп отыр. Жалпы, өткен жылы Жапонияда 601 389 қылмыс жасалған, бұл 2021 жылғыдан 5,9 процентке көп. Ұлттық полиция агенттігі өткен жылдың қазанында жүргізген онлайн сауалнамада респонденттердің 67,1 проценті Жапонияда соңғы он жылда тұрғындардың қауіпсіздік деңгейі төмендеді деп есептейді.

Бұған бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэның шілдедегі өлімі ықпал етуі мүмкін. Сауалнамаға 15 жас және одан үлкен жастағы 5 000 респондент қатысты. Kyodo соңғы жылдары пойыздар мен вокзалдарда бірнеше шабуыл болғанын еске салады. 2021 жылы Хэллоуин түнінде Токиода пойызда адамдарға пышақпен шабуылдаған болатын. Соның салдарынан 17 адам жарақат алды. Жапония полициясы есептік жылы қатыгездікке күдікті кәмелетке толмағандардың қатысуымен 115 730 қылмыс тіркеген, ал үйдегі зорлық-зомбылық 84 493 жағдайға жеткен. Көшедегі қылмыс саны да едәуір өскен.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл велосипед ұрлау 201 619 жағдайға жетіп, 14,4 процентке өскен. Аса ауыр қылмыс саны, соның ішінде адам өлтіру 8,1 процентке артып, 9 536 жағдайға жетті.


Фото: Kyodo

Соңғы жаңалықтар