Жапонияда 100 жастан асқандар саны рекордтық 86510 адамға жетті

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапония Денсаулық сақтау министрлігінің сейсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, елде 100 жастан асқандар саны рекордтық 86510 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде елде ұзақ жасаған адамдар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 6060 адамға көбейген. Өсім 51-ші жыл қатарынан сақталып келеді.

Ұзақ өмір сүруші 86 510 адамның ішінде әйелдер 88,4 пайызды (76 450) құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 475 адамға көп.

1963 жылы Жапонияда ұзақ өмір сүретіндер саны 153 адам болған, 1981 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамнан, ал 1998 жылы – 10 мың адамнан асқан. Осының барлығы негізінен медицинадық технологиялар саласындағы жетістіктердің арқасы екені атап өтіледі.

Шілде айында министрліктен Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 2020 жылы екі жыныс өкілдері үшін рекордтық санға: әйелдер үшін – 87,74 пайыз, ер адамдар үшін – 81,64 пайыз жеткенін мәлімдеді.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Фукуоканың 118 жастағы (1903 жылы дүниеге келген) тұрғыны Кане Танака – елдегі ең кәрі әйел. Ол Гиннестің рекордтар кітабында жасы ең үлкен адам болып танылған. Ал 111 жастағы Микизо Уэда – Жапонияның ең кәрі ер адам.


Соңғы жаңалықтар