26.05.2023 12:34 Жапонияда жергілікті шенеуніктің ұлы 4 адамды өлтірді деген күдікпен қамалды НАГАНО. KYODO-ҚазАқпарат – Жапонияда жергілікті шенеуніктің ұлы төрт адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
16.05.2023 13:21 Жапонияда көлден адамның басы табылды ТОКИО. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Жапонияның Хоккайдо аралындағы көлден адамның басы табылды. Осыған байланысты жергілікті полиция із-түзсіз жоғалып кеткен балықшының денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
09.05.2023 17:40 2025 жылы Жапонияда өтетін ЭКСПО көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «ЭКСПО-2025 Осака» дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас комиссарын тағайындау туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.05.2023 08:49 Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті ТОКИО. СИНЬХУА – ҚазАқпарат – Жұма күні Жапония орталығына жақын орналасқан аудандарда және Исикава префектурасында 6,5 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті. ҚазАқпарат бұл туралы Синьхуа-ға сілтеме жасап хабарлайды.
28.04.2023 00:57 Жапония тұрғындарының саны 2070 жылы 30% қысқарады – болжам ТОКИО. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Жапония тұрғындарының саны алдағы 50 жылда үш есеге қысқарады және 87 млн адам болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
26.04.2023 10:06 Жапон компаниясының Айға алғашқы сапары сәтсіз аяқталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық iSpace компаниясы Айға ұшуы сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
22.04.2023 05:45 Жапония полициясы премьер-министр Кишиданың тиісінше қорғалғанын тексермек АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапония полициясы жоғары лауазымды тұлғаның қауіпсіздігін сақтау шараларын егжей-тегжейлі пысықтап шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ге сілтеме жасап.
21.04.2023 03:55 Жапония сарапшылары COVID-19 індетінің тоғызыншы толқыны туралы болжам жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапония сарапшылары коронавирустың тоғызыншы толқынында елде өлім-жітім көп болуы мүмкін деп пайымдайды. Әсіресе, қарт адамдарға қауіп басым болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ге сілтеме жасап.
15.04.2023 10:14 Жапонияда ел премьер-министрі халық алдына шығарда жарылыс болған ВАКАЯМА. ҚазАқпарат – Оқиға Вакаяма қаласындағы балықшылар портында болды. Күдікті ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK-ке сілтеме жасап.
15.03.2023 10:34 Токиода биыл сакура ерте гүлдеді ТОКИО. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Токиода сакураның гүлдеу маусымы мерзімінен бұрын басталды. Сакура ағаштары 1953 жылдан бері бұлай ерте гүлдемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
14.03.2023 08:59 Жапонияда жарты ғасыр бұрын өлім жазасына кесілген адамға сот үкімі қайта қаралады АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Жоғарғы соты 1968 жылы төрт адамнан тұратын отбасын өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілген 87 жастағы Ивао Хакамаданың ісі бойынша жаңа сот талқылауын белгіледі. Хакамада сол кезде өлім жазасына кесілді. Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәліметінше, ол әлемде өлім жазасына кесіліп, үкімін ең ұзақ уақыт бойы күткен адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.
10.03.2023 14:53 Жапонияның ғарыш саласындағы дағдарысы: Жаңа зымыран тасымалдағыштарды ұшыру неліктен сәтсіздікке ұшырап жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Сейсенбі, 7 наурыз күні Жапонияның су жаңа флагмандық «Н3» ғарыш зымыранын ұшыру сәтсіздікке тап болды. Зымыранды ұшыру Күншығыс елінің оңтүстігіндегі Танегасима ғарыш айлағында жүзеге асырылды. Зымыран тасымалдағышты ұшыру сәтті болған кезде Жапония орбитаға ұшу аппараттарын шығаруды бұған дейінгіден біршама арзандату мүмкіндігін алып, дербес ғарыш бағдарламасының автономдылығын нығайта түсер еді. Жапонияның ғарыш саласында қандай жайттар орын алып жатқанын ҚазАқпарат матералынан оқыңыздар.
10.03.2023 08:27 Жапонияда нашар көретін адамдарға арналған навигация жүйесі жасалды ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның Ashirase компаниясы көзі нашар көретін адамдарға «серуендеу навигациясы» жүйесін ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат New York Post-қа сілтеме жасап.
07.03.2023 20:25 Жапонияда жаңа зымырантасығышты ұшыру сәтсіз аяқталды ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның аэроғарыш зерттеулері агенттігі (JAXA) сейсенбі күні H3 жаңа флагмандық зымырантасығышын сәтті ұшырғанын мәлімдеді. Бірақ бірнеше минут өткеннен кейін-ақ агенттік зымыранды жоюға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
04.03.2023 18:34 Жапония елшілігі император Нарухитоның туған күніне орай салтанатты қабылдау өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі Астана қаласында Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның туған күніне орай салтанатты қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 16:50 Жапонияда бұрын белгісіз болып келген жеті мың арал анықталды ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапондықтар өз еліндегі аралдарды санап шығып, олардың бұрын болжанғаннан 7 мыңға артық екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
01.03.2023 10:34 Жапонияда бала туу көрсеткіші соңғы 100 жылда болмаған деңгейге төмендеді ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияда 2022 жылы туған балалар саны 800 мыңға азайды. Бұл 1899 жылдан бері тіркелген ең төмен көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS сілтеме жасап.
28.02.2023 09:39 Жапония 1 наурыздан бастап туристерге қойылған талаптарды алып тастайды ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония 1 наурыздан бастап туристер мен Қытайдан келгендерге қойылған коронавирус талаптарын алып тастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.
20.02.2023 15:21 Солтүстік Корея Жапонияға қарай 2 баллистикалық зымыран ұшырды СЕУЛ. Yonhap -ҚазАқпарат – Солтүстік Корея дүйсенбіде Шығыс теңіз бағытында екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың B-1B бомбалаушыларының қатысуымен бірлескен әуе жаттығуларын өткізгеннен кейінгі күні болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap-қа сілтеме жасап.
02.02.2023 22:15 Жапонияда 20 жылда алғаш рет қылмыс саны бірден өскен ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияда 20 жылда алғаш рет қылмыс саны бірден өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.